• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:54:30
Алматы
+12°

Алматы қаласындағы "Ассамблея жастары" РҚБ өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Жиын аясында жас қоғам белсенділері, оқытушылар, дәрігерлер, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестік пен жастар қанатының көшбасшылары, ҚХА жастар құрамына кіретін студенттер, еріктілер президент жолдауының көптеген бағыттарын іске асыру жөнінде пікір алмасты.

Іс-шараға "Ассамблея жастары" РҚБ төрағасы, ҚХА кеңесінің мүшесі Тимур Жұмырбаев, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қайриев, "Ассамблея жастары" РҚБ Алматы қаласындағы өкілдігінің төрағасы Анна Торосян,Қазақстан кәрістері жастар қозғалысының төрағасы Игорь Ли,"Ариана" ауған орталығы Жастар қанатының төрағасы Омар Мухаммедсаруар,"Вайнах" шешен-ингуш орталығы жастарының өкілі Ислам Сагов,Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарындағы "Ассамблея жастары" өкілдіктерінің төрағасы Әсем Сатылғанова қатысты. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекет басшысы сөз еткен көптеген тақырыптарды, мысалы, синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрестегі еріктілердің үлесі, жастарды қолдаудың негізгі бағыттары, балаларға қолдау көрсету, кәсіпкерлікті жүйелі қолдауды түсіндіру, медициналық қызметтердің сапасын дамыту, студенттер үшін әлеуметтік жағдайларды дамыту мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел соңында белсенділер президенттің Қазақстан халқына жолдауын қолдау мақсатында келесі мазмұндағы мәлімдеме жасады: 

– "Ассамблея жастары" РҚБ Алматы қаласы бойынша өкілдігі президенттің Қазақстан халқына жолдауын қолдайды. Қазір елде тарихи сипаттағы саяси реформалар жүріп жатыр. Президент жолдауы еліміздің сапалы әлеуметтік-экономикалық дамуына жол ашты.Барлық жоспарланған өзгерістер жаңа, әділетті Қазақстан құрылысының қарқынды дамуына септігін тигізетініне сенімдіміз. Жолдауда Қазақстан қоғамының әл-ауқатының өсуіне зор әлеует беретін республикамыздың саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелеріне жаңғыртулар ұсынылған. Біздің еліміздің басты құндылығы Қазақстанның тұрақты болашағына стратегиялық инвестициясы басым адамдар болып табылады. Жолдауда айтылған Мемлекет басшысының бастамаларының төңірегінде барша қазақстандықтар бірігіп жұмыс істеуі маңызды. 

Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір