10 Қазан, 2022 NEWS
Фото: КазТаг
Ресей президенті Владимир Путинді президентім деп атаған СҚО тұрғындарымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстағы департаменті айналысып жатыр, деп хабарлады КазТаг.
"Бұл ақпарат СҚО бойынша ҰҚК-ның облыстағы депортаментіне жіберілді", деп хабарлаған полиция депортаменті.
Бұған дейін әлеуметтік желіде 18 жасқа толмаған екі қыз Петропавл қаласын "орыстың тарихи жері" деп санайтынын айтқан видео тараған. Қос бойжеткен кімге дауыс беретін едіңдер деген сұраққа "Тоқаевқа емес, Путинге дауыс береміз" деп жауап беріп, қазақстандық достары Украинаға қарсы соғысып жатқанын айтқан. Ал Қазақстан заңы бойынша өзге елдегі соғысқа қатысуға тыйым салынады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір