11 Қазан, 2022 NEWS
Фото: vlast.kz
Мемлекеттік айыптаушы Бауыржан Шекенов соттан бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты кінәлі деп тауып, оны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлады Ulysmedia.kz сайты.
"Біртановты ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы («Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша кінәлі деп тауып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына, бас бостандығынан 6 жылға айыру жазасын тағайындауды сұраймын" деді Бауыржан Шекенов.
Экс-министрдің 2020 жылғы 7 қарашадан бастап үкім шығарылған күнге дейінгі үйқамағында ұстау мерзіміндегі екі күнін жазаны өтеудің бір күні есебімен жаза мерзіміне есептеу ұсынылды.
Біртановтың бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевті де дәл осындай жағдайда прокурор 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Шекенов Біртановты "Құрмет" мемлекеттік сыйлығынан айыруды да ұсынады.
Сонымен қатар, прокурор экс-министр мен Әбішевтен 1 548 136 575 теңгені тең үлеспен және Біртановтан санитарлық авиацияны пайдаланғаны үшін жұмсалған 5 503 721 теңгені өндіруді сұрады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір