12 Қазан, 2022 NEWS
Фото: tengrinews.kz
Қазақстан Ресеймен жаңа әскери келісімдер жасамайды. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың айтуынша, бұған ешқандай қажеттілік жоқ.
"Мен ешқандай баға бермеймін. Мемлекетіміз үшін тиімді болса мүддемізге сай жолды таңдайтын боламыз. Бүгінге дейін ешқандай проблема болған жоқ. Барлығы арадағы келісімге сай жасалатын болады", деді Руслан Жақсылықов.
Министр әскери ынтымақтастыққа қатысты елдер барлық мәселелерді пысықтады деп есептейді. Сондықтан Путиннің Астанаға сапары аясында әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланбайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір