• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:07:19
Алматы
+12°

Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков Республика күніне орай  қандай шаралар өтетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ӨКҚ-ға сілтеме жасап.

Айдар Есенбеков сөзін Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін еске салудан бастады. Заңға сәйкес 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке болып белгіленді.

Биыл бұл мереке Алматыда кеңінен аталып өтілмек, іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Бұл – әртүрлі салтанатты жиындар, концерттер, мемлекеттік наградалар табысталады, спорттық жарыстар, ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық байқаулар, тақырыптық көрмелер, экологиялық іс-шаралар, жәрмеңкелер және т.б.

"Іс-шаралардың бір бөлігі өтті, мысалы, 7 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Ал 15 қазан күні Желтоқсан саябағында желтоқсандықтардың, волонтерлердің және «Ассамблея жастары» Алматы қаласы өкілдігі мүшелерінің қатысуымен сенбілік өтті. 1000-нан астам ағаш отырғызылып, саябақтың іргелес аумағына санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді", – деді А.Есенбеков.

Шара қонақтарына қызықты концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Тағамдар да әзірленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір