06 Желтоқсан, 2022 NEWS
Фото: Polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында жайылып жүрген жылқылар Барчи көліне батып кеткен. Бұл туралы Polisia.kz интернет ресурсы хабарлады.
2 желтоқсанда СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне Әлжан ауылында табындағы 50 жылқы жоғалып кеткені туралы ақпарат жеткен. хабарлаған.
Іздеу шаралары барысында жоғалған жылқылар Барчи көлінен мұз ішінде қатқан күйінде табылған.
"Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Кейін мұз жарылып, суға батып кеткен. Аталған факті бойынша Айыртау ауданының полиция бөліміне арыздар келіп түспеді. Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде, өлген жануарлардың нақты саны анықталып жатыр" делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір