• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:55:55
Алматы
+12°

Руслан Желдібай президент әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын" делінген Жарлықта.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.

2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.

2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы.

2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020-2022 жж ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылғы 14 ақпанда премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалып, тура екі айдан кейін президенттің баспасөз хатшысы қызметіне ауысқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір