• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:48:34
+12°

Наурыз айынан бастап қазақстандықтар өздерін банкрот деп жариялай алады. Бұл туралы премьер-министр орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. 

"2022 жылғы 30 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы" заңға қол қойылды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. Банкроттық туралы өтініштерді қабылдау 3 наурыздан басталады", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Халықаралық тәжіриебеге сай банкроттық рәсім 3 бағыт бойынша жүзеге асады. 

  • соттан тыс банкроттық;
  • сот арқылы банкроттық;
  • қабілеттілігін қалпына келтіру.

Соттан тыс банкроттық рәсімді банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.

Алайда төмендегі шарттар сақталуы тиіс:  

  • борыш 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспайды; 
  • кредит 12 ай бойы өтелмеген болса;
  • меншігінде тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік болмаған жағдайда;
  • банкпен реттеу жүргізілу керек. 
Екінші рәсім – сот банкроттығы. Сот банкроттығының мақсаты – банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру. Бұл рәсімді қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына жұмыс істеп тұрған әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң кеңесшілері мен аудиторлар кіреді.
 
Үшінші рәсім, бұл – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, онда сот арқылы борышты бөліп-бөліп төлеу (5 жылға дейін) мүмкіндігі көзделеді. Оның артықшылығы - азамат "банкрот" деп саналмайды. Демек, банкрот үшін көзделген салдарлар оған қолданылмайды.
 
"Заң күшіне енгеннен кейін азаматтардың да жауапкершілігі артады. Алдағы уақытта жылдам қарыз алу үшін кредит тарихының дұрыс болуына азаматтардың өздері мүдделі болуы тиіс. Банкрот деп мойындау қарыздарды төлемей кету емес, тек шарасыз жағдайдағы көмек екенін әркім білуі керек" деп қорытындылады министр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір