• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 08:32:56
Алматы
+8°

Әлеуметтік желіде Қазақстан корпарациясына бағынбайтынын хабарлаған бір топ белсендінің видеосы жарияланды. Видеода Петропавл қаласының тұрғындары Халықтық жұмысшылар кеңесін құрып, Қазақстаннан бөлініп, "тәуелсіздігін" жариялаған. 

Жиында 19 адам жаңа декларацияны, Жарғы жобасын, символиканы, Халық Кеңесінің мөрін бекітіп, 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясы бойынша өмір сүретіндерін айтқан. Олар өздерін "Ұлы отан соғысында жеңіске жеткен батырлардың ұрпағымыз" деп таныстырған. 

"Біз азат және еркін халықпыз, ерлер мен әйелдер, СҚО Петропавл қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасы корпорациясының құқықтық негізінің жалғандығына, халықтың өміріне қолайсыз жағдайлар туғызуына, сонымен қатар, оның агенттерінің әрекетке қабілетсіздігі мен абыройсыздығына байланысты игілігіміз бен ресурстарымызды басқару жүйесінің барлық құрылтайшысы мен қызметшілеріне толық сенімсіздік білдіреміз. Біз халық, өз тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді жариялаймыз", - дейді қатысушылар әлеуметтік желілерде тараған бейнеде.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Народный Совет. СКО, г.Петропавловск (@narodsovet)

Бұдан бөлек жиналғандар Қазақстандағы батыс стандарттарына бағдарланған білім беру жүйесін, өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін тамақ өнімдерінің сапасын, медициналық қызмет көрсету деңгейін және бизнес саласын да сынға алды. 

КазТАГ-тың мәліметі бойынша, СҚО полиция департаменті видеода отырған тұрғындардың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. 

Десе де бүгінге дейін елімізде қазақ тілі мен елдің тұтастығын қорғаған, тәуелсіздік үшін күрескен қазақ тілді азаматтар әкімшілік жаза қолданылып, түрмеге қамалып, қудалауға ұшырады. Ал тілімізге, дәстүрімізге, тәуелсіздігімізге тіл тигізген, бүкіл ұлттың намысына тиген өзге ұлт өкілдері болса тек кешірім сұрау арқылы жазадан құтылды. Петропавл қаласындағы сепаратистерінің әрекеті де осыған дейін кешірім беріп, жаза қолданбаған биліктің жемісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір