29 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанға ядролық қару үшін Ресей мен Беларусь одағына қосылуды ұсынды.
"Қазақстанмен қатар өзге елдер де Ресеймен біз секілді тығыз қарым–қатынас орнатқанына ешкім қарсы болмайды деп ойлаймын. Қазақстан бар болғаны Ресей мен Беларусь одағына қосылу керек. Сонда ядролық қару барлығына ортақ болады. Бұл – ресейліктердің пікірі емес, менің пікірім. Бізге бірігуге мүмкіндік бар екенін стратегиялық тұрғыдан түсіну керек", – деді Лукашенко "Москва. Кремль. Путин" бағдарламасының эфирінде.
Еске сала кетейік,Тоқаев Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Ресей мен Беларусь туралы айтқан еді. Президент екі ел арасындағы байланысты сөз етіп, оларға ядролық қарудың да ортақ екенін мәлімдеген.
Кейін президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай президенттің форумдағы сөздеріне пікір білдіріп, Қазақстанның ешқандай одақ құрмайтынын, сонымен қатар, қандай да бір одақтың құрамына кірмейтінін айтқан болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір