• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:18:44
Алматы
+12°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Арыстанбек Мұхамедиұлын жала жапқаны үшін сотқа бермекші. Антикор қызметкерлері экс–депутаттың "Дипломат" қонақ үйін рейдерлік жолмен тартып алып, үшінші тұлғаға беруге мәжбүрледі"  деген мәлімдемесіне келіспейді.

"Мұхамедиұлына 221 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, жиналған дәлелдер расталды. Енді бұған қорытынды бағаны сот береді. Ал "Дипломат" қонақ үйіне қатысты айыптаулар бөлек сот ісі ретінде қарастырылады", – делінген агенттіктің ресми хабарламасында.

Антикор Мұхамедиұлының бұл әрекетін "сот пен халықты шатастыру арқылы тағылған жауапкершіліктен жалтару" деп санайды.

Еске сала кетейік, бұрынғы мәдениет министрі 2022 жылы қамауға алынған болатын. Ол мемлекетке шамамен 7 млрд теңгеге жуық шығын келтірген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір