• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Қараша, 07:54:29
Алматы
+12°

Қазақстанда заңсыз жүрген 546 шетел азаматы шығарылды. Енді олар 5 жылға дейін елге кіре алмайды. 

"Полиция қызметкерлері шетелдіктер тұратын жерлерді, құрылыс объектілерін, шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексерді. Операцияның жеті күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 11 051 адам анықталды. Оның ішінде мемлекетте болу тәртібін бұзған 7331 шетелдікке қатысты, шетелдіктермен заңсыз жұмыс істеуге қатысты 2400 дерек анықталды, шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланған 507 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды", – делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, шетелдіктердің келгені туралы полицияға уақытылы хабарламаған 2536 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шетелдік жұмыс күші

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір