• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 19:07:25
Алматы
+12°

13 Қараша, 2024 NEWS

Қаңтар оқиғасы кезінде жәбірленушіні азаптаған полиция қызметкері сотталды

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде Қаңтар оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін (ҚК-нің 146-бабы) айыптау үкімін шығарды.

Ашық дереккөзден

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.

Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкерінің жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеді.

«Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге дене азабы келтірілген. Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», — деп жазды Бас прокуратурадан.

Үкім заңды күшіне енді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір