• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 09:23:16
Алматы
+12°

Атырау қаласының жаңа әкімі болып Шәкір Кейкін тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдік хабарлады. Ресми дерек бойынша Шәкір Кейкін қала әкімі лауазымына президент әкімшілігінің келісімімен тағайындалған. 

2023 жылдың наурызынан бастап Шәкір Кейкін Сауда және интеграция министрлігінің сауда департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Ал 2019-2022 жылдар аралығында Мақат ауданының әкімі қызметін атқарған. Қаңтар оқиғасы кезінде Мақат ауданы тұрғындары Жаңаөзен тұрғындарын қолдау үшін наразылыққа шығады. Алғашқы күні Шәкір Кейкін халық алдына шығып басу айтқан. Алайда екінші күннен бастап аудан әкімі халық алдына шықпай қояды. Халық аудан әкімі мен полиция болмаған соң аудан ішіндегі тәртіпті өздері қадағалауға көшкен. 

Азаттық басылымының дерегінше, сол уақытта халық бір ауыздан белсенді Ғазиз Ғабдуллинді аудан әкімі етіп сайлайды. 

5 қаңтарда аудандық маслихат депутаттары Шәкір Кейкінге сенімсіздік білдіретіні туралы хаттама толтырып, Ғазиз Ғабдуллиннің кандидатурасына қолдау білдіреді. 

Содан кейін Ғабдуллиннің Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесуі өтті, ол Ғабдулинді аудан әкімі лауазымына бекіту туралы мәселені қарауға уәде берді. Бірақ жағдайды тұрақтандырғаннан кейін Шәкір Кейкін өз қызметіне оралды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір