• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 01:26:04
Алматы
+35°

Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен теңіз деңгейінен  3 мың 800 метр биіктіктен 3 шілдеде жоғалған  ер адамның денесі табылды. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ер адам таудың басынан түсіп келе жатқанда арқан үзіліп кеткен. Турист мұз бойымен домалап, еңіске құлаған. Қазір оны төменге түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылған.

Сонымен қатар, кәсіби альпинисттер ғана шыға алатын шыңға  шыққан 3 туристің де кәсіби альпинист емес екендігі және арнайы жабдықтармен жарақтандырылмағаны белгілі болды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: турист альпинист

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір