Фото: Ашық дереккөз
Тоқаев "Заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Заң жобасы қабылданғаннан кейін Бас прокуратура ішінен жаңа ведомство мен арнайы мемлекеттік қор мен активтерді жинақтау және басқару мәселелерімен айналысатын компания құрылады.
Бұған дейін Бас прокуратура Қазақстанға 760 млрд теңге актив қайтарылғанын хабарлаған. Бірақ қай елден және кімнің активі қайтарылғаны туралы ақпарат ашық жарияланбаған еді.
Ілмек сөздер:
заңсыз шығарылған активтер
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Көп оқылғандар
Пікір қалдыру
пікір