17 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық сотында 41 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты. Тергеу мәліметінше, ол досын екі рет атып өлтірген.
Кісі өлтіру оқиғасы Шымкентте 19 жыл бұрын болған, қылмыскер табылмаған. Іс биыл қайта қозғалды. Қылмыс жасады деген күдікпен 41 жастағы ер адам ұсталды.
Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушы өзінің досын өшпенділіктен атып өлтірген. Айғақтардан құтылу үшін ол марқұмның киімдерін өртеп, мәйітті көшедегі септикке лақтырып, тақтайшалармен үстін жауып қойған.
19 жыл бұрын кісі өлтіргені үшін ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.
Іс бойынша тағы бір адам куәгер болған, қазір оның үстінен іс қозғалды. Қазір ол Ресейде тұрады, көрші елдің азаматы. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, өлтірген сол куәгер екенін айтты.
Дереккөз: Orda.kz
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір