• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:52:20
Алматы
+35°

Танымал әнші Төреғали Төрәлінің бостандыққа шыққаны хабарланды. Бұл туралы әншінің адвокаты Эльнура Кішкенебаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын!", - деп жазды адвокат.  

Еске салсақ, 14 маусымда қазақстандық әртіс Төреғали Төреәлі есірткі шегіп көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Жол ережесін бұзған әншінің әрекетінен басқа автокөліктерге зақым келген. Сот қаулысымен ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ әнші полицияның заңды талабын орындамағаны үшін үш тәулікке қамалды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір