Фото: Ашық дереккөз
Бүгін министр Бағдат Мусинге журналистер Астана қаласында интернет нашарлап кеткенін айтып шағымданды. Министр бүл мәселеге қатысты Ксел басшылығына хабарласқанын айтты. Оның сөзінше интернет техникалық ақауларға байланысты интернеттің нашар болуы 15-20 минутқа ғана созылған.
"Қазір түсте бұдан да нақтырақ ақпараттарды білуге тырысамын. Иә, қазір оларда (байланыс операторларында) желіні 3G немесе 4G-ден 5G-ге ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол уақытта қандай да бір техникалық ақаулар болуы мүмкін», - дейді ол.
Сондай-ақ министр еліміздегі интернет сапасы басқа елдерге қарағанда әлдеқайда жақсы екенін айтты.
"Сіздер де Speedtest халықаралық рейтингіне сүйенсеңіздерші. Егер осы халықаралық рейтинг Астананың 35 позицияға көтерілгенін жазса демек біз 35 қаланы озып кеттік. Тіпті Токионы басып оздық. Сол рейтингті жасаған мен емес қой!?", - дейді Мусин.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір