• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:07:29
Алматы
+12°

Мысырда тараған белгісіз аурудың себебінен Қазақстандағы әуе рейстерінде бақылау күшейтілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Министрліктің мәліметінше, аурудың белгісі денге безгегіне ұқсас болып келеді. Жоғары температура, бас айналу, құсу – аурудың алғашқы белгілері. Сол себепті қазір әуежайдағы жолаушылардың дене қызуы тексеріліп, ұшақ салондарында дезинфекция жүргізілуде. 

Айта кетсек, қазір безгек ауруына шалдыққан 2 қазақстандық тіркелді. Олардың бірі елордалық болса, енді бірі павлодарлық. Олар инфекцияны Тайландта жұқтырған. Сондай-ақ мамандардың айтуынша, ауруды маса таратады. Сол себепті шетелде жүрген кезде жабық киім киюді және жәндіктерге қарсы құралдарды қолдануды ұсынады. 

"Егер санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары температурасы жоғары адамдарды анықтаса, оларды әуежайлардағы медициналық пункттерде дереу тексереді. Егер денге безгегінің белгілері расталса, науқастар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі", дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Дарья Әзімбаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір