• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 11:05:10
Алматы
+12°

2028 жылға қарай елімізде 3 газ өңдеу зауыты салынады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған.

"Қазіргі уақытта Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл", - деп атап өтеді үкімет басшысы жауабында.

Айтуынша, бұған қоса Қашаған кен орнының базасында Қашаған жобасының акционерімен және операторымен (NCOC) қуаты 4 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты құрылысының жобасы жүзеге асырылуда. Зауыт 2028 жылы іске қосылады.

"Мұнан бөлек, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» «PSA» ЖШС өкілетті органымен бірге 2028 жылы қуаты 4 млрд текше метрді құрайтын газ өңдеу зауыты бар Газ стратегиясын жүзеге асыру жол картасын әзірледі", - деді премьер-министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір