• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 06:59:43
Алматы
+8°

Елімізде "Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылады.

Басқарушы компания мемлекетке қайтарылған активтерді оның атынан меншігіне қабылдау, мемлекет кірісіне айналдырылған активтердің сақталуын және ұсталуын қамтамасыз ету, активтерге билік ету, активтерді өткізуден түскен қаражатты арнаулы мемлекеттік қорға аударуды қамтамасыз ету т.с.с міндеттерді атқарады.

"Мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылсын. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында, нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу - серіктестіктің негізгі мақсаттары болып айқындалсын. Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің теңгеріміндегі мүлікті беру жолымен қалыптастырылсын", – делінген Үкімет қаулысында.

Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір