• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 06:28:04
Алматы
+12°

Ирак байланыс министрлігі елде Telegram мессенджері бұғатталғанын хабарлады. 

Ирак билігі бұл шешімді ұлттық қауіпсіздік және азаматтардың жеке деректерінің сақталуы үшін қабылдағанын айтты.

Ведомство Telegram басшылығынан ресми мемлекеттік мекемелердегі қолданушылардың жеке деректері мен ақпаратын таратып жіберетін арналарды жоюды сұрағанын айтты. Дегенмен Ирак шенеуніктері компанияның ешбір сұрауға жауап бермегенін айтады.

"Байланыс министрлігі мемлекет пен оның институттарының қауіпсіздігі үшін азаматтардың сөз еркіндігі құқығын сыйлайтынын растайды", - делінген Ирак үкіметінің мәлімдемесінде.

Бұған дейін Telegram Иран мен Қытайда толығымен бұғатталған. Кейде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Ауғанстан, Бразилия, Үндістан, Индонезия елдерінде қосымшаның жұмысы уақытша шектеліп тұрады.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: телеграм ирак

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір