• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 16:28:51
Алматы
+8°

"Қазақмыстың" наразылыққа шыққан кеншілері келіссөзден кейін жұмыстарын жалғыстыратын болды. 

Кен өндіруші компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қазақмыс" басшылығының өкілдері кеншілермен кездесу өткізу үшін шахтаға түскен.

"Кездесу нәтижесінде тараптар ортақ мәмілеге келді. Кеншілер жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ешкім тәртіптік жазаға тартылмайды", - деп хабарлады Қазақмыс.

Еске сала кетейік, 14 тамызда Қазақмыстың 100 тарта кеншісі жұмыстарын тоқтатып, наразылық білдірген еді. Олар еңбек жағдайына қатысты басшылыққа 15 шақты талап қойды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қазақмыс ереуіл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір