18 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
“АрселорМиттал Теміртау” компаниясының көмір департаментіне қарасты "Қазақстан" шахтасындағы апат кезінде зардап шеккендер саны 13 адамға жетті. Бұдан бөлек "Арселор-Миттал Теміртау" тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай екінші жұмысшының денесі табылғанын хабарлады.
Қазіргі мәлімет бойынша, ауруханада жатқан екі шахтер жан сақтау бөлімінен токсикология бөліміне ауыстырылған.
"Осы 17 тамызында «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына» 9 шахтер жеткізілді. Олардың екеуі реанимациядан токсикология бөліміне ауыстырылды. Жағдайлары ауырлау. Пациенттер саналы. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға, гемодинамиканың тұрақсыздығына, уланудың токсикогендік кезеңіне байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты", - делінген хабарламада.
Қалған 7 адам токсикология бөлімінде. Олардың жағдайы – орташа ауыр. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты.
Еске салайық, бұған дейін АрселорМиттал Теміртау Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан екі қызметкер өлі табылғаны хабарланған болатын. Бірақ кейінірек тек бір адамның өлімі расталғаны айтылды. Ол - компания қызметкері, 1965 жылы туған Виталий Владимирович Слюньков (жерасты электршебері, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл).
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір