• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қараша, 23:01:11
Алматы
+12°

Астана халықаралық әуежайынан "Астана – Алматы" бағытында ұшып бара жатқан жолаушы тіркеу кезінде өзімен бомба бар екенін айтқан. Әуежайда дабыл қағылып, қызметкерлер нысанды шұғыл тексеруге мәжбүр болды. 

Алайда Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметіндегілер ешқандай жарылғыш заттың нысан аумағында жоқ екенін анықтады.

Жарылғыш зат туралы жалған хабар берген жолаушы рейстен шеттетіліп, желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір жолаушыға қатысты ҚР ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген жолаушы өз түсініктемесінде "бір қызды ұнатып, соған әзілдеу үшін" айтқанын жеткізді. Алайда авиациалық қауіпсіздік әзілдеуге келмейтін тақырып. Сондықтан жолаушылардан әуежайдың тексеру қызметіне жауапкершілікпен қарап, жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратпауын сұраймыз", – деді "Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы" АҚ PR қызметінің басшысы Тойгүл Жубанисова.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астана халықаралық әуежайында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат беру бойынша 30 іс тіркелген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір