01 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар
Фото: Ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында туристік саладағы олқылықтарға тоқталып өтті.
"Еліміздің туристтік әлеуетін де пайдалануға болады. Өкінішке қарай осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр. Еліміз басқа мемлекетке қарағанда артта қалып келеді. Жалпы кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуы тиіс. Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оны орындау мерзімдерін қадағалау керек. Сондай-ақ осыған шетелдік инвесторлар мен елдегі кәсіпкерлерді тарту керек", деді президент өзінің жолдауында.
Еске салсақ, бүгін Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір