• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:38:22
Алматы
+12°

2023 жылы 27 қыркүйекте AlmaU-да «Мамандығымболашағым» жобасы басталды. Аталмыш жоба ҚР Үкіметі қабылдаған «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде іске асырылып жатыр.  

Алматы қаласының Білім басқармасының тапсырысы бойынша Алматы Менеджмент университетінің Креативті индустриялар орталығы «Алматы қаласын2030 жылға дейінгі дамыту перспективасындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» жобасын әзірлеуді бастады.

Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласыбұл әр сала сарапшыларының пікірінше қазірдің өзінде сұранысқа ие және жақын арада пайда болатын кәсіптер жинағы. Бұл атластағы кәсіптер мен құзыреттер алдағы 5-10 жылға анықталады. 5-10 жылдан кейін қандай мамандықтар өзекті болатынын анықтау үшін Foresight (Форсайт) әдістемесі қолданылады. Болашақ сценарийлерін әзірлеудегі жетекші рөл өз саласында айтарлықтай тәжірибесі бар, саланың дамуына әсер етуші және болашақтың дамуына өзіндік көзқарасы бар салалық сарапшы мамандарға тиесілі.

Форсайт-сессия жұмысындағы негізгі мақсат – кәсіби қызмет салаларының өзгеруіне әсер ететін, уақыт өте келе дамитын үрдістерді анықтау және талдау. Ескі кәсіптердің өзгеруі немесе жаңа кәсіптердің пайда болуы қандай технологиялардың дамитынына және болашақ сценарийлерді қандай трендтер анықтайтынына байланысты.

 

Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөздерінен басталды: «Мамандығым болашағым» бағдарламасының мақсатыөңір экономикасының ерекшелігін ескеретін өңірлік карталарды қалыптастыру. Біздің жағдайда бұл республикалық маңызы бар, ең ірі, сонымен бірге экономикалық тұрғыдан күрделі, дәл осы өнімді шығармашылық компонентті дамытуда үлкен әлеуеті бар Алматы қаласы. Бағдарламада үш негізгі стейкхолдер бар. Біріншісіжергілікті атқарушы орган, ол терең сүңгу барысында қала экономикасын қалыптастыратын салалық кәсіпорындар мен зәкірлік жұмыс берушілерінің сұраныстарын нақты түсінетін ШОБ. Екінші стейкхолдераймақтық білім беру жүйесі. Атлас іске асырылып жатқан облыстарда жоғары оқу орындары мен колледждер өздерінің білім беру бағдарламаларын жаңартып жатқанын атап өтейін. Білім беру мекемелері олардың мазмұнын 90%-ға дейін түрлендіруі мүмкін. Үшінші стейкхолдер – бұл бизнес. Осы карта арқылы олар өздерінің кадрлық қажеттіліктерін алдын ала тұжырымдай алады».

 

Жалпы, іс-шараға «Мамандығым болашағым»жобаларының жетекшісі Самғат Ермекбаев, Алматықаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Биекова, «Алматы қаласының жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» жобасының жетекшісі Дана Шаяхмет, «Мамандығым болашағым» жобасының Алматы қаласы бойынша жобалық кеңсесінің басшысы Жанна Тулегенова қатысты.

«Алматы қаласының жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» жобасының жетекшісі Дана Шаяхмет былай дейді:

«AlmaU бүкіл Қазақстан бойынша республикалық маңызы бар қала ретінде өңірлік және Алматы атласын құру бойынша іске асырылып жатқан «Мамандығым – болашағым» жобасына қосылды. Аталмыш атлас бір жағынан қандай мамандықтар ескіргенін, екінші жағынан колледждерде, ЖОО-ларда қандай мамандықтар пайда болатынына әсер етеді. 6 бағыт бойынша атлас әзірленеді. Бүгін біз қонақжайлылық саласы және сервис, құрылыс, сәулет және урбанистика,көлік және логистика бағыттары бойынша форсайт-сессияны бастадық».

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Биекова жобаның маңыздылығына тоқталды: «Бұл – Алматы қаласының экономикалық дамуына үлкен септігін тигізетін жоба. Себебі мамандықтар мен құзыреттер атласы 2017 жылдан бері бастау алған. 2019 жылы Ақтөбеде Хромтау колледжінде атластың нәтижелері белгіленіп, үлкен серіктестік жұмыс жүргізілді. Жаңа мамандықтар ашылды, жаңа білім бағдарламалары іске қосылды. Биыл Алматы қаласының жергілікті бюджетінен қаржы бөлініп, 6 бағыт бойынша 2030 жылға дейін қандай мамандықтар, қандай құзыреттер сұранысқа ие болатыны анықталмақ.  Білім басқармасы ретінде біз жыл сайын мемлекеттік білім беру тапсырысын жоспарлаймыз. Сондықтан бұл жобаның берері көп. Экономикалық бағыттан шығып жатқан ескі мамандықтарды жабу бойынша жұмыс жүргіземіз. Мектеп жасындағы оқушылар 7 сыныптан бастап бағытын таңдайтынын білесіздер. Жобаның нәтижесінде біз оларға Алматы қаласында мынадай мамандықтар пайда болады деп айта аламыз».

«Мамандығым – болашағым» жобаларының жетекшісі Самғат Ермекбаев сандарды сөйлетті:

«Мамандығым – болашағым» жобасының аясында 94 сұхбат алынды, 1298 болжам жасалынды, 916 адам форсайт-сессияға қатысты. 9 салаға арналған форсайт-сессиялар нәтижесінде 463 мамандық іріктелді. Оның 239-ы жаңа, 95-і өзгеріске ұшыраған, 129-ы жойылуы мүмкін».

«Мамандығым – болашағым» жобасының Алматы қаласы бойынша жобалық кеңсесінің басшысы Жанна Тулегенова сала бойынша форсайт-сессияғақатысатын сарапшыларды топ-топқа бөлді. Нәтижесінде көптен күткен форсайт-сессия басталды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Форсайт AlmaU

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір