• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:54:54
Алматы
+12°

03 Қаңтар, 2024 Әлеумет

Қазақстан қағаз ақшаға қайта оралды!

Жамаубаевтар мен Әшімбаевтар айта береді екен.

Фото: azh.kz

"Өткен 2023 жылдың ең басты қуанышты қорытындысы – елде ешбір елеулі өзгеріс болған жоқ", деп шүкіршілік айтқан екен Данияр Әшімбаев дейтін Қазақстандағы орыстілді саясаттанушы.

Ескі-жаңа Қазақстанды ешқашан сынап көрмеген оған салсаң әрине, бұл ел өзгермеуі керек, осы отырысымыз өте жақсы-мыс.

Екінші өтірікші қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев болды.

Оның айтқан өтірігі бес күннен кейін ашылып қалды.

Қаржы министрі 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мобильді аударымдар бақыланып, кәсіпкерлер "жасырын" жұмысқа көшіп кетпей ме, деген сұраққа 27 желтоқсанда "Қазір ешкім қолма-қол ақша ұстамайды, қолма-қол ақша ұстау ыңғайсыз. Дүкенге барып, бес мыңды айырбастау мүмкін емес. Халық жалма-жан қолма-қол ақшаға көше жөнеледі деп ойламаймын", деп жауап берген еді.

2024 жыл да келді. Бірақ Қазақстан қоғамы алға дамудың орнына бірнеше жылға кері кетті.

Иә, 1 қаңтардан бастап қалтадағы қағаз ақшаға қайта оралдық. Дүкен атаулы мен қызмет көрсететін жерлердің бәрі Kaspi аударым мен QR арқылы ақы алудан ат-тонын ала қашты бір-ақ күнде!

Цифрлық Қазақстан жайына қалды. Қағаз ақшаға қайта оралдық.

Енді бұрынғыдай көшенің жиегіне шығып, қол көтеріп такси ұстайтын боламыз. Таксишілерге де тықыр таянады биыл. Биыл бизнесті тексеруге жарияланған мораторийдің аяқталуына байланысты кәсібінің арқасында 2024 жылға кедей болып кірмеген кәсіпкерлер енді тапқанын "тексерушілермен" бөлісетін болды.

Қарап отырсақ, қысым барлық жақтан күшейе түсті.

Айтпақшы, биыл АЭС құрылысы бойынша референдум өтіп, сосын құрылыс басталуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір