20 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар
Ұлттық киім сәнге айналып келеді
Қазір ұлттық киімге деген сұраныс жоғары. Іште де, сыртта да. Сондықтан оны "аламын" деген адам сауда орнынан арзанын да, қымбатын да таба алады.
видеодан алынды
Қазір қазақы нақыштағы киімді күнделікті киім үлгісіне айналдыруда отандық сәнгерлер тынбай жұмыс істеуде. Солардың бірі - Тәрбия Айдымбаева күні кеше елордада өзінің заманауи ұлттық киімдер топтамасын ұсынды, деп хабарлайды Astana.tv.
Тәрбия Айдымбаева - қазақтың мәдениеті мен ұлттық мұрасын төрткүл дүниеге насихаттап жүрген белгілі сәнгер. Оның ерекше қазақы киім үлгілерін шығаруда 30 жылға жуық тәжірибесі бар. Сәнгердің өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерде де жоғары сұранысқа ие.
"Бүкіл әлемдегі елшіліктер бізді шақырып жатыр. Оның ішінде Италия, Франция, ЮНЕСКО-ның залында көрме ұйымдастырдық. Пәкістан қаншама елдерде болдық. Біз өзіміздің ұлттық киімнің қазіргі әлемдік деңгейде өзінің орны бар екенін дәлелдедік деген ойдамын", дейді дизайнер.
Отандық сәнгердің тіккен киімдерін еліміздегі өнер майталмандары мен спортшылар киіп жүр. Олар ұлттық киімді тек мерекеде ғана емес, күнделікті киіп жүруді қолдайды.
Қазақ бренді бұған дейін 10 мемлекетте ұлттық киім күнін ұйымдастырған. Сондай-ақ Бразилия, Пәкістан, Оңтүстік Корея және Еуропаның біраз елінде көрме өткізді. Қазір Италияның 18 дүкенімен келісімшарт жасағалы отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір