• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:20:51
Алматы
+12°

27 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Ескерту: E-gov уақытша істемей қалуы мүмкін

Уақыт белдеуінің ауысуына байланысты электрондық үкіметтің жұмысында ақаулар болуы мүмкін. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ескерту жасады.

Ашық дереккөзден алынды

"Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы уақыт аралығында қысқа мерзімде бірқатар жобалар қолжетімсіз болуы мүмкін", делінген хабарламада. 

Қысқа мерзімде істемей тұруы ықтимал жобалар қатарына мыналар жатқызылады:

  • egov.kz порталы мен оның компоненттері;
  • egov Mobile мобильді қосымшасы;
  • "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
  • "Техникалық байқау" бірыңғай ақпараттық жүйесі;
  • "e-Otinish"электрондық өтініштер сервисі;
  • және "Ұлттық ақпараттық технологиялар "АҚ сүйемелдейтін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар.

Айта кетсек, Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. 19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекітті. Оған сәйкес, 1 наурызда сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Костанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытуы тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір