28 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар
Қазақстандықтар мектеп оқулықтарының мазмұнын талқылауға қатыса алады
Талқылауда "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Орыс тілі", "Неміс тілі", "Цифрлық сауаттылық" және өзге оқулықтар бар.
Ашық дереккөзден алынды
12 ақпаннан бері жаңадан әзірленген оқулықтардың мазмұнына қоғамдық талқылаулар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы.
"Оқу әдебиеттерін қоғамдық талқылау" сайтында оқулықтар мазмұнының сапасы, құрылымы, әдістемелік тәсілдері, баяндау тілі мен безендірілуіне қатысты қоғам мен ғылыми-педагогикалық қауымдастық өкілдері сындарлы пікірлерін білдіре алады. Онда жаңадан әзірленген оқулықтар бар:
3-сынып үшін "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Орыс тілі" (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), шет тілдері (ағылшын, француз);
3,9-11 сыныптар үшін "Неміс тілі";
5-9 сыныптарға арналған "Жаһандық құзыреттілік" оқулықтары қағаз нұсқада;
3-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық/ Цифровая грамотность" пәні бойынша электронды оқулықтар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір