• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:41:56
Алматы
+7°

05 Наурыз, 2024 NEWS

Тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді

Қазақстанда тұрғын үй алу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) жинақтарын алу ережелері өзгертілді. Бұйрыққа индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қол қойды

Көрнекі сурет

Құжат 11 наурыздан бастап күшіне енеді. Ережеде қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қандай мақсатта пайдалана алатыны айтылған:

  • Тұрғын үйді немесе жер учаскесін қолма-қол ақшамен, яғни ипотекасыз сатып алу;
  • Тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық қарыз алуға бастапқы жарнаны құю, ипотеканың берешегін ішінара немесе толық өтеу;
  • Ипотекалық несие алу мақсатында жинаққа жарнаны толықтыру;
  • Ипотека бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
  • Ислам банкінің қаржыландыруы негізінде тұрғын үй сатып алу, қарызды ішінара, толық өтеу;
  • Әлеуметтік бағдарламалар арқылы жалдамалы түрде берілген үйді берілген жекешелендіру, бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату;
  • Жеке тұрғын үйдің құрылысына ақша алуға болады.

Айта кетері, жұбайы мен жақындарының, туыстарының жинағын пайдалануға болмайды.

Бірыңғай зейнетақы қорының баспасөз қызметті өтініштің қалай қаралатынын түсіндірді. 

“Уәкілетті оператор төлемге өтініш пен құжаттарды қарап, мақұлдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға тіркелген төлем туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген сомасын доллармен банк шотына аударады. Нысаналы жинақ алушы немесе оның заңды өкілі банк шотына түскен төлем сомасын 45 жұмыс күні ішінде операторға ақша қаражатын пайдалану мақсатын растайтын құжаттарды ұсынады”, – делінген ведомоство ақпаратында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір