• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:31:53
Алматы
+12°

Энергетика министрі Алмасадам Сақалиев биыл автогаз құны жоғарылайтынын мәлімдеді.

Сақалиевтың сөзінше, бағаның өсуі әр аймақта әртүрлі болады.

"Бұл жерде әңгіме жоспарлы жұмыс туралы болып отыр. Біз сұйытылған газ бағасын біртіндеп жыл сайын өсіруді жоспарлап отырмыз. Биыл бағаны аймаққа қарай аздап, шамамен 5-8 теңге көлемінде көтереміз. Министрлік бұл жұмысты осы көктемде жүзеге асыруды көздеп отыр" деді Алмасадам Сатқалиев.

Бұған дейін үш жыл қатарынан әр жарты жыл сайын сұйытылған газ құны 5 теңгеге өсетіні хабарланған. Бағаның алғашқы жоғарылауы 2024 жылғы І тоқсанда жүзеге асады деп жоспарланған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: автогаз

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір