• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Шілде, 03:20:53
Алматы
+35°

01 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болды

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Фото: ашық дереккөзден алынды

Құжат Ақорда сайтында жарияланды. 

"Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", – делінген жарлықта. 

2023 жылғы қыркүйектен бері Қанат Бозымбаев президент кеңесшісі қызметін атқарған болса, 2021-2022 жылдары ол Алматы облысының әкімі болды.  

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қанат Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететінін хабарлады. 

"Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады", – деп жазды ол.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір