• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:34:54
+12°

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысына арнайы барып, көмек көрсеткенін хабарлады.

Облысқа барған делегация құрамында ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, қордың маманы Әли Мырзақұлов  және Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай және т.б. қызметкерлер бар.

"Олар әуелі Арқалық қаласындағы облыстық жедел штабқа бас сұғып, жұмысымен танысты. Содан соң, үй-жайын су басқан тұрғындар көшірілген жатақханаға барып, қажетті тұрмыстық заттарды жеткізді. Сонымен қатар, еріктілерге жәрдемдесу үшін Жангелді ауданына ат басын бұрып, резіңке етіктер, арнайы киімдер, күректер т.б. құралдарды табыстады" делінген мүфтият хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір