• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:25:32
Алматы
+12°

18 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Қайырымдылық қорының басшысы 30 миллион теңге жымқырған

Науқас балалар шетелге емделуге бару мүмкіндігінен айырылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде мүгедек балаларға арналған ақшасына басшылары қол салған. Емдеу үшін елден ақша жинап, артынан ерекше балалардың ата-аналарын алдап кетіпті. Шетелге апарып емдетпек түгілі, түрлі сылтау айтумен жүрген.

Ақтөбелік Темірхан Арун баласының Алматыда 11 химия терапиясынан өткенін айтты. Алайда қор емге керек қалған ақшаны бермей қойған.

- Алматыда 11 химия терапиясынан өттік. Одан Мәскеуде өттік. Содан былтыр қыркүйек айында "Море лайфқа" хабарласып, көмек сұрадық, осылай баламызды шетелге апаруға деген. Біз бес күнде 5 миллион жинап тапсырдық. Ол ақшаның тек бізге жұмсағаны 230 мың теңге. Астанаға барып-келуге жұмсалды. Қалған ақшаның бір теңгесін де қайтарған жоқ, – деді Темірхан Арун.

- Тек ата-аналардан видео үндеу жаздырып, балаларды суретке түсіріп алады. Ең қызығы, ақшаны мүгедек баланың отбасы өзі жинап, оны қолма-қол қорға 5 миллионға толғанда беріп отырады. Ақыры шетелдегі ем де жоқ, ақша да жоқ, алдап кетеді. Қазір қайырымдылық қорға қатысты алты ата-ана арыз жазған. Қор басшысы қамауға алынды. Келтірген шығын – 30 миллион теңге. Құзырлы органдағылар зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін дейді. 

Ал Ақтөбе прокурорының орынбасары Нұрлан Қалдығожин тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын айтты.

- Тергеу әрекеттері басталып кетті. Сонымен қатар кеше, яғни 16 сәуір күні осы қайырымдылық қордың жетекшісі Қылмыстық процестік кодекстің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатыр, – деді Нұрлан Қалдығожин.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алаяқ қайырымдылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір