• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:09:46
Алматы
+12°

Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қиған имам жазаланатын болды. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"ҚР неке туралы заңында тек мемлекеттік органдар ғана мойындалатыны белгіленген. Сондықтан ҚМДБ тәртібіне сәйкес мешіт қызметкерлері неке қимас бұрын болашақ ерлі-зайыптылардан Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етеді. Ал аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіт имамы Қ.Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды", - деді ол.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 17 қазанында Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте Бишімбаев пен Нүкенова өз өтініштері бойынша неке қидырған. АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде "жасалып жатыр" деп жауап берген. Ата-аналарының батасын алғанын айтып, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір