10 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: bild
Берлин полициясы жеңіс күніне арналған шеруде Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылығын дәріптейтін белгілер ұстап келген 10 адамды құрықтады. Бұл туралы Bild газеті жазды.
Басылым мәліметінше, 9 мамыр күні Тиргартен мен Трептов саябағындағы ескерткіштерге жүзге жуық адам келген. Полиция кіре берісте келген адамдарда тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексерген. Тексеріс нәтижесінде тәртіп бұзып, полиция қызметкерлерін балағаттаған 10 адам ұсталған.
Олар Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылығын қолдайтын киім киіп, ту мен төсбелгілер ұстап келген.
Айта кетейік, бұған дейін Берлин полициясы 9-мамырда өтетін шерулерде Ресей басқыншылығын дәріптейтін заттар, арнайы жалаулар мен георгий лентасын ұстап келуге тыйым салған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір