• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 07:36:30
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2024 NEWS

Еліміздің туристік аймақтарының тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді

Еліміздің туристік аймақтарының тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты.

Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Биыл басым туристік аймақтардың тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді. Осылайша, барлық аймақта өсудің ең перспективалы орындары анықталды. Әр дестинацияда басым туристік аймақтар құру жоспарланып отыр. Министрлік туризмде инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 131 млрд теңгеге 33 жоба жүзеге асырылды», - деді ол.

Оның айтуынша, 2023 жылы Маңғыстау облысының «Жылы жағажайына» инфрақұрылымды жеткізу бойынша бірқатар жоба аяқталды. Биыл Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында үш әуежай терминалының құрылысын аяқтау жоспарланған.

«Бұл жолаушылар ағынын едәуір арттырып, туристік дестинациялардың қолжетімділігіне оң әсер етеді», - деді министр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: туризм Жылы жағажай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір