15 Мамыр, 2024 NEWS
Бишімбаевқа түрмеде жылы, жұмсақ жер дайын тұрады - Вадим Курамшин
Белгілі адвокат Ғалым Нұрпейісов Қуандық Бишімбаев қарапайым колонияда отырмайтынын, оған барлық жағдай жасалынатынын айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі dalanews.kz-ке сілтеме жасап.
Фото: Жоғарғы сот
Адвокат Ғалым Нұрпейісов Бишімбаев бұған дейін министр қызметін атқарғанын, ал мұндай қызметте болғандар мемлекеттік құпияны білетінін атап өтті.
«Сондықтан, менің ойымша, Бишімбаевты қарапайым колонияға жібермейді. Қазақстанда бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерге арналған колониялар бар. Бізде Қаңтар оқиғасынан кейін жазасын өтеп жатқан лауазымды қызметте болған адамдар көп қой», — дейді Ғалым Нұрпейісов AIRAN медиасына берген сұхбатында.
Ал «Біз біргеміз» орталығының басшысы Вадим Курамшиннің айтуынша, Бишімбаев секілді адамдарға қарапайым сотталушыларға қарағанда жақсы, жайлы жағдай жасалады.
«Менің ойымша, Бишімбаев түрмеге келе сала оған жылы, жұмсақ жер дайын тұрады. Түрмеде сотталушылар қарапайым қызметкер болып жұмыс істеп, ақша тауып жүрсе, ол бригадир болады. Сол жерде тұрып, барлық жағдайы жасалады. Ол бостандықта жүрген кезіндей-ақ тамақтанады, материалдық жағдайының арқасында қалаған адамымен кездеседі.
Ата-анасы жасы келген кісілер екенін ескеріп, олармен көп кездеспеуі мүмкін. Бірақ «Юлия супермен» кездесе алады. Мұндай вип-жағдайдың құны сотталушының өзіне байланысты. Бірақ түрме әкімшілігі Бишімбаевтан ақшаны қысып тұрып көптеп шығарып алады деп ойлаймын», — дейді Вадим Курамшин.
Ол Бишімбаев шетелге кетіп қалуы мүмкін деген оймен келіспейтінін айтты.
Еске салайық, 13 мамырда атышулы Бишімбаев ісіне қатысты сот үімі шыққан болатын. Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталса, қылмысты жасырып қалды деген күдікке ілінген інісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір