28 Мамыр, 2024 NEWS
Бірыңғай уақыт белдеуін жою туралы петицияға 37 мың адам қол қойды
Билік 50 мың дауыс жинаған жағдайда петицияны қарауға уәде берді.
Көрнекі сурет
Epetition.kz платформасында Қазақстанда біртұтас уақыт белдеуін жою туралы петиция пайда болды. Құжат авторлары электр энергиясын көп тұтынудың салдарынан қаржылық шығындардың артуы мен денсаулыққа айтарлықтай зиян келтірілуіне байланысты бұрыңғы уақыт белдеуіне қайта оралуды талап етіп отыр.
«Өмірлік маңызды электр энергиясын тұтынудың орташа есепшоты 2024 жылғы 1 сәуірдегі есеп бойынша шамамен 17 000 теңгені құрады. Болашаққа болжам жасайтын болсақ, уақыттың өзгеруі бұл шығындарды айтарлықтай арттырады, әсіресе күзгі-қысқы кезеңде ыңғайсыз», делінген түсініктемеде.
Сауда және интеграция министрлігі заң бойынша талап етілетін 50 мың дауыс жинаған жағдайда петицияны қарауға уәде берді. Петиция жарияланған күннен бастап, дәлірек айтқанда 36 күн ішінде құжатқа 37 мың адам қол қойып үлгерген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір