• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:58:32
Алматы
+12°

Алматы облысында жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша 2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 34,8 мың адамды құраған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. 

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,6%-ға артық.

2024 жылдың 1 мамырға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 24331 адамды құраған. Бұл көрсеткіш жұмыс күшінің жалпы санының 3,3 пайызын құрап отыр. 

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 319473 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 17,7% құрады. Ал 2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 108,4% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 136 253 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда 14,4%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны 5,3%-ды құрайды.

Айта кетейік, Алматы облысында алдағы уақытта 7 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жұмыс орындары ірі он бір инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде жүзеге аспақ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жұмыссыздық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір