• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 13:50:25
Алматы
+7°

Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған төрт жасар Айкөркемнің өліміне қатысты үкім шығарды. Оның өлімі үшін ешкім жауапқа тартылмайды.

Қазақстан Жоғарғы соты осы кезге дейінгі апелляциялық сот шешімінің күшін жойып, әскери қызметкер Арман Жұманды ақтап алды.

Бастапқы инстанция да Айкөркем Меделханның өліміне күдікті болған Арман Жұманды ақтап алған. Алайда апелляциялық сот ақтап алу үкімінің күшін жойып, әскери қызметкерді 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған.

«Жұманға қатысты қылмыстық іс құпия режимде қаралды. Кассациялық қарау нәтижелері бойынша осыған дейінгі сот актілерінің күші жойылды. Іс келесі сатыдағы апелляциялық сот қарауына жіберілді» делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

2022 жылдың 7 қаңтары сағат 19:30 шамасында төтенше жағдай кезінде Алматы әкімдігінің маңында кетіп бара жатқан автокөлікке оқ атылған. Салдарынан 2017 жылы туған Айкөркем Мелдехан қайтыс болып, кәмелетке толмаған Жанель Мелдеханға 5 оқ тиген.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың 15 қарашасында іс бойынша үкім шығып, Алматы гарнизоны әскери соты айыпталушыны ақтаған болатын.  Ал прокурор үкімнің күшін жою жөнінде аппеляциялық шағым түсіретінін мәлімдеген. 2024 жылды 28 наурызында Айкөркем Меделханның өліміне кінәлі деген айыппен әскери қызметкер 7 жылға сотталған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір