• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:07:34
Алматы
+12°

Қазақстанда жалпы қарызы 26,9 млрд теңгені құрайтын 12,5 мыңнан астам адам банкрот деп танылды. Бұл ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.

2023 жылғы наурызда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттықты қалпына келтіру туралы» заң қабылданды.

Құжат қабылданған күннен бастап соттан тыс банкроттық рәсіміне 100,1 мың өтініш түсті, оның ішінде:

  •  77,8 өтінішке бойынша бас тартылды – (берешек сомасы және мерзімі сәйкес келмеуі, берешекті өтеу туралы құжаттың болмауы);
  •  1 642 азамат бойынша рәсім тоқтатылды;
  • 12 553 азамат банкрот деп танылды – 26,9 млрд теңге сомаға;
  • 6 419 азаматқа қатысты рәсім жүргізілуде;
  • 1 569 өтініш мемлекеттік кірістер органдарында қаралуда.

Барлығы банкрот деп танылған 11 781 азаматтың ішінде АӘК алушы 1,2 млрд теңге қарызы бар 1 079 азамат бар. 5 жылдан астам орындалмаған міндеттемелері бойынша 5 811 азамат банкрот деп танылып, олар бойынша 17,2 млрд теңгеден астам қаражат есептен шығарылды.

Сот банкроттығы рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға 2,5 мыңнан астам азамат жүгінді. Рәсім 150 борышкерге қатысты жүргізілуде. 9 азаматтың төлем қабілеттілігі қалпына келтірілуде.

Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаттары жеке тұлғалардың банкроттығын рәсімдеу барысын жеңілдетуді жоспарлап отыр. Бұл ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитеті растады. 

Өзгеріс соттан тыс банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша қабылданбақ. Ақпаратқа сүйенсек, аталған түзетулер қазір Мәжілісте қаралып, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында енгізілмек.

Өзгерістер қатарында:

  • соттан тыс банкроттық рәсіміне сай келетін қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту. Бүгінде азаматтар тек банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарыздарын есептен шығара алады;
  • борышкерлерді соттан тыс банкроттық туралы арызға құжаттарды қоса беру міндетінен босату;
  • 1 АЕК-тен (3692 теңге) төмен сомадағы қарызды өтелді деп есептемеу бар
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: банкрот

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір