• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:16:17
Алматы
+12°

18 Маусым, 2024 NEWS

Қазақстанда көлікті қайта рәсімдеу процесі жеңілдеді

Қазақстанда автокөлікті қайта рәсімдеу процесі цифрлық шешімдердің арқасында жеңілдеді

Көрнекі сурет

Азаматтарға арналған үкімет порталының ақпаратынша, бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады.

"Айта кету керек, бұл қызмет "Азаматтарға арналған үкіметке" тиесілі. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін және көлік құралдарын тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында енгізілді. Енді Мемлекеттік корпорацияның, ҚР ІІМ және "ҰАТ" АҚ ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуының нәтижесінде автокөлікті қайта ресімдеу процесі ашық болады. Мәмілені тіркеу кезінде жалған қол қою мүмкін емес",- деп хабарлады ведомство.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: көлік тіркеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір