26 Маусым, 2024 NEWS
Дағыстан астанасында тағы да атыс болды
Дағыстан астанасы Махачкаланың орталығында тағы да оқ атылды.
Фото: ашық дереккөзден
Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Университет алаңы ауданында оқ атылған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері бар екендігі айтылуда.
- Махачкаладағы Гаджиев пен Коркмасов көшесі ауданында құқық қорғау органдары іс-шара өткізіп жатыр және қала билігі халыққа бұл аумақтан кетуді өтінді, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, қалада қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы жоспар енгізілмеген.
- Оқиға орнынан куәгерден "Университет алаңы ауданында қаруланған адамды көргені" туралы хабарлама түскен. Айтылған жерге бірнеше полиция наряды жіберіліп, аумақ қоршалды. Алаң мен оның маңайын жіті тексеру жүргізілді. Кинологтар тартылды. Ақпарат расталмады, қала тыныш, - деп нақтылады ведомстводан.
Еске салайық, бұған дейін Махачкалада синагога мен шіркеуге белгісіз адамдар шабуыл жасаған болатын. Салдарынан 15-тен астам полиция қызметкері, сондай-ақ қарапайым азаматтар қаза тапты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір