• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Маусым, 11:19:17
Алматы
+35°

Алматыдағы жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

"Жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау тұрғысында сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда" - деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Шәрібаев.

Қазіргі уақытта қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау мақсатында сараптама тағайындалған. Оқиғаның өзге де мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, 26 маусымда Алматыдағы Мақатаев пен Сейфуллин қиылысында автобус жол апатына ұшыраған. Апат салдарынан 1 адам қаза тауып, 16 адам зардап шеккен болатын. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жол апаты алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір