23 Наурыз, 2024 Саясат
Қазақстан мен Ресей: «Бәйтерек» зымыран кешенін құру барысын талқылады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары – Индустрия және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті
Фото: primerministr.kz
Жиында «Байқоңыр» кешенінің негізгі мәселелері талқыланып, тараптар бірлескен «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жобасының орындалу барысына ерекше назар аударды. Олар жобаны жүзеге асыру жұмыстары бұрын қол жеткізілген келісімдер мен жасалған шарттарға сәйкес жүргізіліп жатқанын атады.
Сондай-ақ кездесуде қазақстандық тарапқа жерүсті инфрақұрылымын құру мен «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін жаңғырту жауапкершілігі жүктелген жобаны іске асыруды жалғастыру бойынша одан әрі бірлескен іс-қимылдар тәртібі келісілді.
Одан бөлек, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және Байқоңыр қаласын дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы азаматтарына Байқоңыр қаласына кіруге/шығуға рұқсаттарды электронды түрде беру мәселесі талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі жақ «Байқоңыр» кешені инфрақұрылымының әлеуметтік-мәдени әлеуетін тиімді пайдалану және дамыту мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруды келісті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір