• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 11:32:09
Алматы
+7°

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке сатқындық жасағаны үшін сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты. Бұл туралы Informburo хабарлады.

Президенті әкімшілігі  Мәсімовтің 27 маусымдағы кешірім жасау туралы өтінішін Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қараған еді. 

"Мәсімовке кешірім жасау актісін қолдану мүмкіндігін зерделеу қорытындысы бойынша комиссия президентке ұсыныс енгізіп, ол ұсыныспен келісті", – деп мәлімдеді президент әкімшілігі. 

Айта кетейік, Мәсімов қаңтар оқиғасынан кейін мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алмақ болғаны үшін 18 жылға сотталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір